.RU

Орал қаласының ауыл шаруашылығы бойынша 2016 жылғы атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Дата09.09.2017өлшемі79.14 Kb.
Орал қаласының ауыл шаруашылығы бойынша 2016 жылғы

атқарылған жұмыстар туралы

анықтама

Орал қаласының жер балансының барлық категориялары бойынша (егістік, жайылым, шабындық, бос жерлер, бау-бақша, көп жылдық екпе жерлер, басқа жерлер) 48955 га құрайды. Оның ішінде: егістік-23190 га, шабындық-2230 га, жайылым-9647 га, бақша дақылдары-194 га, бос жерлер-9221 га, көп жылдық екпелер-1000 га , басқалай жерлер-3473 га.

Қазіргі кезде ауылшаруашылығы жер айналымы 42 343,5 га құрайды. Оның ішінде егістік-21 967,4 га, бос жерлер-8316,8 га, шабындық-2232,4 га, жайылым-9628,3 га, бақша дақылдары-194,6 га.

Орал қаласында 58 ауылшаруашылық субъектілері бар, оның ішінде 1-мемлекеттік мекеме (сорт сынау бойынша инспектура), 12-жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 36-шаруа қожалығы және 9-басқа жер пайдаланушылар.

Орал қаласы бойынша 2016 жылдың қаңтар-қараша айларындағы жалпы ауылшаруашылығы өнімдерінің шығарылымы 7897,3 млн. тенге құрап отыр, оның ішінде өсімдік шарушылығы өнімдері-5376,4 млн. тенге, мал шаруашылығы өнімдері-2362,5 млн. тенге.

Егін шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы.

Егін шаруашылығы бойынша 2016 жылы 4629,1 га алқапқа жаздық дәнді дақылдар егілді, қазіргі кезде 100% жиналып, гектарына 12,0 ц/га өнімділікпен 5598,9 тонна өнім жиналды.

Өткен жылы ауа-райының қолайсыздығынан 6972 га алқаптан жаздық дәнді дақылдар 2173 га гектардан 2,4 ц/га өнімділікпен 585,1 тонна өнім жиналған болатын.

2016 жылдың өніміне егілген күздік дақылдар 1457 га құрап, 18,2 ц/га өнімділікпен 2569 тонна өнім жиналды. Бұл 2015 жылдың өнімімен салыстырғанда 21,35 % артық.

2017 жылдың өніміне 2830 га жерге күздік дақылдар егу жоспарланды, алайда ауа райының қолайсыздығы әсерінен 1973,5 га жерге күздік дақылдар егілді, бұл жоспарланған алқаптың 69,7 % құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 137,0 % өсіп отыр.

Сондай ақ жоспарланған 1343 га картоптың барлық 1343 га жиналып, 145 ц/га өнімділікте 19473,5 тонна өнім, 927 га көкөністің 927 га жиналып, 250 ц/га өнімділікте 23175 тонна өнім, 52 га бақша өнімдерінен 52 га жиналып, 270 ц/га өнімділікте 1404 тонна өнім жиналды.

Егілген жем-шөптік дақылдар бойынша біржылдық шөптер 500 га егілді, өткен жылғы көп жылғыларды қосқанда 7,2 мың га жетті.

2016 жылы жоспарланған 8,21 мың тонна шөптің 8,90 мың тоннасы (2015 жылы 7,8 мың тонна) дайындалды, өткен жылмен салыстырғанда 114,0% өскен.

ЖК М.М.Табеновке Серебряков ауылы маңында майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша цех салуды жоспарлануда. Майлы дақылдардың егістігін ұлғайту бос жерлердің есебінен жүргізілмек («Бакалкин» ш/қ жалға алу мерзімі өтіп кеткен жер учаскесі есебінен). Табеновке майлы дақылдарды егуге 280 га, «Ансар-Бей» АТК-ға Ливкино ауылынан 600 га мал азықтық дақылдарға (бұрынғы «Ж.Коломбаев» шқ жер учаскесі есебінен) жер учаскелерін ұсыну жоспарланып отыр.

2017 жылы жалпы көлемі 4212,4 болатын, суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілмек. Соның арқасында бақша және картоп дақылдарының егіс көлемі артпақ.

Жылыжай бизнесін дамыту мақсатында бөліммен, өнеркәсіптік жылыжай кешенін салуға, жеке инвесторлар тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қала аумағында инвестициялық жобалардың әлеуеті бар, негізгі басым бағыттары капитал сыйымдылығын төмендету және өзін-өзі ақтайтын инвестициялық жобаларды арттыру арқылы жүзеге асуда.

Мысалы, жылыжай кешенін салу, жеміс сақтау қоймаларын кеңейту, үшін 30% шығындар субсидияланады, 5 га алма бағын отырғызу үшін 40% шығындар құрылыс аяқталған соң субсидияланады.

Азық-түліктің бағасын тұрақтандыру, арнайы қорын қалыптастыру ең өзекті мәселе екені белгілі. Күннен күнге қала тұрғындарының саны да өсуде. Соған сай көкөністі тұтыну мөлшері де ұлғаяды. Картоп, көкөніс өнімдерін сақтауға арналған сыйымдылығы 13910 тонналық 11 көкөніс қоймасы бар. Көкөніс қоймасының әлеуметтік маңызы бар, өнімдердің бағасын ұстап тұруға айтарлықтай септігін тигізіп келеді.

Орал қаласында тұрғындарды маусымаралық уақытта жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында 8 жылыжай кешені жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы қала агроқұрылымдарының өз қаражаты есебінен жылыжайлардың аумағы 16 000 шаршы метрге өсті, жылыжайлардың жалпы аумағы 27 586 шаршы метрді құрады. Олармен бірінші, екінші дақылайналымда 104 тонна көкөніс өнімдері алынды. Дайын өнімдер қала базарларында тұрғындарға ұсынылады.

Сонымен қатар берілген жер учаскелері бойынша, «КАТ 2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Серебрякова ауылы маңынан жылыжай кешені құрылысын жоспарлануда (жылыжай кешенінің аумағы 10 000 шаршы метр және кемінде 5,0 га жерге алма бағы) жобаның құны 340 млн.тенге.

азамат А.Д. Шувалов Круглоозерное кентінде жалпы ауданы 3,7 га жылыжай кешенінің құрылысы жоспарлануда.

«Орал жылыжай комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Зачаганск кентінде жалпы ауданы 6,0 га болатын еуропалық стандартқа сай жылыжай кешенінің құрылысын жоспарлануда.

Қазіргі таңда қала аумағында жалпы көлемі 8,1 га алма бақтары бар, сонымен қатар Деркул шағын ауданында 30 га және Круглоозерное кентінде 10 га интенсивті алма бағын отырғызу үшін орындар анықталды және 2017 жылы 1 га аумаққа жүзім отырғызу жоспарлануда.



Мал шаруашылығы

Орал қаласы бойынша 2016 жылғы 1 желтоқсандағы мал басы саны төмендегідей құрап отыр:

-Ірі-қара мал-3617 бас немесе 98,9% (қаңтар 2016 ж-3658 бас)

-Ұсақ қара мал- 4036 бас немесе 105,7% (қаңтар 2016 ж-3816 бас)

-Жылқы- 231 бас немесе 103,1% (2016 ж қаңтар-224 бас)

-Шошқа- 1206 бас немесе 100,4% (2016 ж қаңтар-1201 бас)

-Құстар-361534 бас немесе 115,2% (2016 ж қаңтар-313719 бас), соның ішінде ауылшаруашылығы кәсіпорындарында 315453 бас немесе 119,4% (2016 ж қаңтар-264148 бас).

Субсидиялау

АӨК тұрақты жұмыс істеуіне «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасымен, ағымдағы жылы жалпы соммасы 192 303 711 тенге субсидия бөлінді.

Соның ішінде, мал шаруашылығын субсидиялау бойынша, асыл тұқымды мал сатып алуға, асыл тұқымды жұмыстарды жүргізуге, жұмыртқа өндірісіне, 6 ауылшаруашылық құрылымдарына 173 810 698 тенге бөлінді.

Егіншілік, өсімдік шаруашылығы басым дақылдар өндірісі бойынша, тұқым шаруашылығын қолдауға, тыңайтқыш құнын арзандату бойынша, көкөністерді қорғалған топырақта өсіру бойынша, 13 ауыл шаруашылық құрылымдарына, жалпы сомасы 18 493 013 тенге субсидия бөлінді.



Инвестициялық жобалар

- «ПОШ-Руно» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жалпы сомасы 2 млрд. 214 млн. болатын тері және жүнді бастапқы өңдеу кәсіпорнының құрылысы жүргізілуде.

- «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жылына 5000 тонна болатын мал сою цехы, ет және ет өнімдерін өңдеу кешені салынды, жобаның жалпы құны 1 млрд. тенге.

- «КАТ 2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Серебрякова ауылы маңынан жылыжай кешенінің құрылысы жоспарлануда (жылыжай кешенің аумағы 10 000 шаршы метр және кемінде 5,0 га жерге алма бағы) жобаның құны 340 млн.тенге.

- азамат А.Д.Шувалов, Круглоозерное кентінде жалпы ауданы 3,7 га жылыжай кешенінің құрылысы жоспарлануда.

- «Орал жылыжай комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Зачаганск кентінде жалпы ауданы 6,0 га жылыжай кешенінің құрылысы жоспарлануда.

- ЖК Табенов М.М., Серебряков ауылы маңында майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша цех салу жоспарлануда.

-"Али" ш/қ (Сағынов А.), Маштаково кенті ауданында 50 басқа тауарлы-сүт фермасын салуды жоспарлап отыр.

2016 жылы 2184,6 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекеттік қорға қайтарылды, оның ішінде «Агрофирма Яик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 860 га, «Чернояров» шқ 89,6 га, «Бакалкин» шқ 280 га мерзімі бітуіне байланысты, Сот шешімі бойынша «Игизбаев» шқ 511 га, «Уашев» ш/қ 444 га.

Ағымдағы жылы жер заңнамасының сақталуына байланысты жалпы ауданы 4893,9 га 6 ауылшаруашылығы тауарөндірушілері тексеріліп, 5-уіне 1 жыл мерзімге заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада берілді.



Бау-бақша өнімдері

Тауардың тұтынушылық және өңдіру қажеттілігі бойынша қалада ұн және ұн өнімдерінен жасалатын тауарлар 180%-ға, жұмыртқа өнімдері 150% қала халқын тұтынушылық мәртебесін қамтамасыз етуде. Бірақ-та, сүт және сүт өнімдерінен жасалатын тауарлар (айран, май, сүзбе, ірімшік) 15%-ға, сұйық май – 24%-ға, көкөніс-бақша (картоп, сәбіз, жуа, орамжапырақ, қызылша, қызанақ, қияр) өнімдері 60%-дық деңгейде жетіспейтіндігі және қалған тауарларды Қазақстанның басқа аумақтары мен Ресейден әкелінеді.

Бірінші қажетті азық-түлік, тұрақтандыру және құнын төмендетуді қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін қалада ресурстар бар, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер, үй іргесіндегі жеке секторлар, сондай-ақ бақ-саяжай учаскелері.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыруға байланысты ағымдағы жылдың наурыз айында, қала әкімдігімен азық-түлік белдігін құру туралы іс-шаралар жоспары әзірленді, негізгі бағытының бірі халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, үй маңындағы жерде және бақша-саяжай учаскелерінде маусымдық көкөніс өнімдерін жеміс-жидекті өздері үшін өсіру қажеттілігі туралы, өскелең ұрпақты еңбекке баулу, өз кезегінде, экономикалық және тәрбие беру болып табылады.

Саяжайшыларға өз өнімдерін сату үшін жазғы-күзгі маусымдарда ен төменгі жалдау ақысымен «Ел-ырысы» және «Мирлан» базары аумағында сату орындары анықталды.

Орал қаласында маусымдық ауылшаруашылығы тауарлары өнімдерінің кеңейтілген жәрмеңкесі оздырылды:

2016 жылдың 20 тамызынан бастап «Ел-ырысы» және Зашаған кентіндегі «Заря Востока» базарларында әр сенбі күні;

1-2 қазанынан бастап әр сенбі, жексенбі күндері Ихсанов көшесінің бойында;

2016 жылғы 14-16 қазан күндері «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері» күніне орай;

15-17 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай;

Жаңа жылға байланысты 28-29 желтоқсан күндері.

Жәрмеңкені ұйымдастырудың басты мақсаты – бұл шаруа қожалықтарына және саяжайшыларға өз өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау.

Аталған жәрмеңкеге Батыс Қазақстан облысының, сондай-ақ қала маңының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін саттыққа шығарды. Жәрмеңкеге 5 қалалық шаруа қожалықтары және 35 аудан ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары («Жастық агрокешені» ЖШС, «Шанс» ЖШС, «Орал құс фабрикасы» ЖШС, «Валиев» ЖК, «Пивень» ЖК, «Адаев» ЖК, «Белес» ЖШС) қатысты.

Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге және саяжайшыларға сауда орындары тегін берілді. Қала тұрғындары мен қонақтарына үлкен көлемде түрлі бау-бақша, көкөніс өнімдері ұсынылды.



2016 жылы өткізілген барлық жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 1091,3 тонна ауылшаруашылығы өнімі жалпы соммасы 108,2 млн. тенгеге сатылды.

Достарыңызбен бөлісу:

pk-2-zona-proizvodstvenno-kommunalnih-obektov-iii-klassa-vrednosti.html
pk-5503-morfologiya-analiticheskij-obzor-nir-zavershennih-k-31-12-2010-g-teoreticheskie-dannie-nauchnie-fakti.html
pk-5514-medicinskaya-klimatologiya-i-kurortologiya-analiticheskij-obzor-nir-zavershennih-k-31-12-2010-g-teoreticheskie.html
pkemp-karms-vvedenie-v-biologiyu-vdannom-razdele-predstavleni-izbrannie-fragmenti-originalnih-publikacij.html
pl-kapica.html
placentarnaya-nedostatochnost-pri-giperandrogenii-novie-aspekti-patogeneza-14-01-01-akusherstvo-i-ginekologiya-stranica-2.html
  • gramota.bystrickaya.ru/vse-v-odnoj-lodke-stranica-2.html
  • znanie.bystrickaya.ru/alkogol-ne-daet-pokoya-novie-izvestiya-gorelik-olga-21022006-30-str-3.html
  • gramota.bystrickaya.ru/zaklyuchenie-more-i-noch.html
  • letter.bystrickaya.ru/motori-dlya-geringa-vojna-i-mi-voennoe-delo-glazami-grazhdanina.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/proekt-konsolidirovannogo-byudzheta-respubliki-mordoviya-na-2014-god-i-na-planovij-period-2015-i-2016-godov.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/metodicheskie-rekomendacii-k-uchebnikam-a-n-saharova-i-v-i-buganova-istoriya-rossii-s-drevnejshih-vremen-do-konca-xvii-veka-stranica-4.html
  • tasks.bystrickaya.ru/1-mashini-oborudovanie-i-pribori-dlya-opredeleniya-mehanicheskih-svojstv-materialov-1.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/raspisanie-zanyatij-3kursa.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-intermedialnaya-poetika-russkoj-literaturi.html
  • universitet.bystrickaya.ru/svarivaemost-razlichnih-tipov-materialov-svarka-goryachim-gazom.html
  • pisat.bystrickaya.ru/tema-12-otdelnie-vidi-dogovorov-4-chasa-uchebno-tematicheskij-plan-rimskoe-chastnoe-pravo-na-2009-2010-uch-god.html
  • holiday.bystrickaya.ru/obshinski-plan-za-razvitie-2007-2013-stranica-7.html
  • exam.bystrickaya.ru/vavilon-vrata-boga-konspekt-lekcij-po-discipline-kulturologiya-dlya-studentov-vseh-specialnostej.html
  • gramota.bystrickaya.ru/vsemirnij-izdatelskij-proekt-mezhdunarodnoj-akademii-trezvosti-na-2013-2022-godi.html
  • college.bystrickaya.ru/293-aloe-vo-vremya-zimnego-soderzhaniya-domashnih-zhivotnih-programma-pohudeniya-i-ozdorovleniya-naibolee-chasto-zadavaemie.html
  • tests.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-dlya-podgotovki-k-ekzamenu-kandidatskogo-minimuma-po-istorii-i-filosofii-nauki.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tema-4-rinok-usloviya-razvitiya-funkciya-struktura-i-infrastruktura-konspekt-lekcij-po-kursu-ekonomicheskaya-teoriya.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/programma-disciplini-ds-r-03-tehnologiya-provedeniya-reklamnoj-kampanii.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-6-v-poiskah-istini-zhuchkov-a-g-prikosnovenie-k-tajne-ili-ob-osnovah-filosofii-edinstva.html
  • znanie.bystrickaya.ru/a-g-zekunov-glavnij-redaktor-izdatelstva-stranica-53.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-viii-vot-tak-i-zhivem-kosmonavt-1-polet-cheloveka.html
  • literature.bystrickaya.ru/doklad-o-sostoyanii-i-rezultatah-deyatelnosti-mkou-barannikovskaya-srednyaya-obsheobrazovatelnaya-shkola-kamishlovskogo-rajona-sverdlovskoj-oblasti.html
  • bukva.bystrickaya.ru/martial-arts-in-china-essay-research-paper.html
  • esse.bystrickaya.ru/programma-vstupitelnih-ispitanij-v-magistraturu-po-napravleniyu-080500-68-menedzhment-magisterskaya-programma.html
  • literature.bystrickaya.ru/borovskaya-sosh-klass-vid-odarennosti-rezultati-olimpiadi-nauchno-prakticheskih-intellektualnih-konkursov-god.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/variant-1-uchebno-metodicheskij-kompleks-vladivostok-2009-recenzenti.html
  • composition.bystrickaya.ru/otchet-o-rezultatah-samoobsledovaniya-municipalnogo-byudzhetnogo-obsheobrazovatelnogo-uchrezhdeniya.html
  • doklad.bystrickaya.ru/v-poselke-molodezhnij-idet-snos-domov-pereselivshihsya-zhitelej-informacionnoe-agentstvo-avers-23012012.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/tehnologiya-izgotovleniya-nesyomnih-protezov.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/uchebnaya-programma-dlya-specialnosti-1-31-01-01-biologiya-2010-g.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/voprosi-gosudarstvennogo-komiteta-chuvashskoj-respubliki-po-delam-molodezhi.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/pravila-bezopasnosti-pri-stroitelstve-podzemnih-sooruzhenij-pb-03-428-02-utv-postanovleniem-gosgortehnadzora-rf-ot-2-noyabrya-2001-g-n-49-stranica-15.html
  • pisat.bystrickaya.ru/trebovaniya-k-predlozheniyu-o-cene-kontrakta-dokumentaciya-ob-aukcione-47.html
  • institut.bystrickaya.ru/u-r-o-k-5-i-perepishite-i-pismenno-perevedite-predlozheniya-na-russkij-yazik-obrashaya-vnimanie-na-chislo-sushestvitelnih.html
  • literature.bystrickaya.ru/e-lingvonet-uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-dpp-f-01-obshee-yazikoznanie-osnovnaya-obrazovatelnaya-programma.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.